№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Сыбайлас жемқорлық жоспар 2023-2024 | docx |
https://akbobek59.goroo-atyrau.kz/jemkor-akbobek.html#sigFreeIdb3e5bbd2d7
Талдамалық анықтама
https://akbobek59.goroo-atyrau.kz/jemkor-akbobek.html#sigFreeId9036ae389f
№59 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасы 13.01.2020 ж
Өндірістік жиналыс хаттамасы №1
Қатысқандар саны- 14
Қатыспағандар саны-3
Күн тәртібінде:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл №7 бұйрық 10.01.2020ж»
Директор м.а. Куанышева Г.Х.
- Баяндама: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
Әдіскер Абулханова Қ.А.
- Директор міндетін атқарушы : Куанышева Г.Х. 10.01.2020 жылғы №7 бұйрықпен таныстырып өтті.
Тәрбиешілер лауазымдық қызмет атқаруда өз өкілеттерін бұзбай, бұлжытпай орындап, заң бұзушылықтарды болдырмауын қамтамасыз етсін, ата-аналардан ақша жинауға қатаң тиым салынсын.
Есепшіге бюджет қаржысының игерілуін үнемі қатаң бақылауда ұстасын және әрбір тексерістен кейін анықталған кемшіліктерді жою, оны қайталамау шаралары алынсын.
Шаруашылық меңгерушісіне өз лауазымдық міндеттерін бұлжытпай орындап, заң бұзушылықтарды болдырмау, оның ішінде материалдық, техникалық базасында мүліктердің дұрыс сақталуы қамтамасыз етілсін.
Осы берілген №7 бұйрықтың орындалысын өзім бақылап отырамын.
2. Баяндама тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы
Баяндаманың мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне,мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді.Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-ға дерлік көтереді,бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.
Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды,мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады,сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеумет болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының күшті жақтары,әлсіз жақтары,мүмкіндіктері мен қауіптерін талдап, мәжіліске қатысушылар пікір алмасты.
Қазақстанның тұрақтылығын, әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті құрудағы азаматтық қоғамның аса маңызды рөлін сыбайлас жемқорлыққа мүлделі төзбеушілік ахуалы арқылы арқылы тани отырып, мемлекеттік органдардың қызметінде тұрақты ашықтық жүйесін жетілдіру қажеттігін және мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайларын туғыза
тын себептерді жоюды атап айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке қол жеткізудің маңыздылығын және басты назар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауының алдын-алу жағдайларын жасауға бағытталуы тиіс- деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттілігін түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізудің айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының күшті жақтары, әлсіз жақтары мүмкіндіктері мен қауіптерін талдап, жиналысқа қатысушылар пікір алысты.
Күшті жақтары :
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік базаның болуы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылдың қалыптасқан тәжірибесі.
Әлсіз жақтары:
Халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі.
Мүмкіндіктері:
- Халықтың тұрмысының жоғары деңгейі.
- Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру.
Қауіптері:
Мемлекеттің жобалар құнының сыбайлас жемқорлық құрамы есебінен өсуі. Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі.
Жиналысқа қатысушылар пікір алыса келе шешім етеді.
Шешім
1.Әр қызметкер өз лауазымдық міндетін атқаруда лауазымдық өкілеттерін бұлжытпай орындап заң бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз етсін.
Төрайым: Г.Х.Куанышева
Хатшы: А.Т.Қуанғалиева