07 Шілде 2026
Жаңалықтар

«Педагог және заң»

№59 “Ақбөбек” бөбекжай-бақшасында «Педагог және заң» тақырыбында педагогтармен семинар өтті. Мақсаты: 1. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттары туралы түсіндіру; 2. Педагогтің міндеттерін түсіндіру: Педагог: 1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге; 2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге; 3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға); 4) педагогтік әдепті сақтауға.