07 Шілде 2026
Жаңалықтар

“Жаңа Конституция педагогтың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі”

2026 жылғы 1-шілдеде Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты ,№59 “Ақбөбек” бөбекжай-бақшасында “Жаңа Конституция педагогтың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі” атты педагогтерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жаңа Конституция қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Ал педагогтың жоғары мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі осы конституциялық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіріп, елдің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.