08 Маус 2026
Жаңалықтар

Спорттық жарыстар :"Әкеммен бірге спортта"

Атырау облысы Білім басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №59 “Ақбөбек” бөбекжай-бақшасы КМҚК -да “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Әкелер мектебінің” жоспарымен әкелер мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында “Әкеммен бірге спортта” атты отбасылық сайыс өтті.Сайысқа мектепалды топтарының тәрбиеленушілері ,әкелер және ағалары қатысты.8-бөлімнен тұратын сайысқа қатысушылар белсенділікпен ,қызығушылықпен қатысты.Өз дәрежесінде өткен сайысты ұйымдастырып,жүргізген дене тәрбиесі нұсқаушылары:Абуова Г.Ж және Андабаева Ә.Е Белсенділік танытып,сайысқа қатысқан отбасыларға алғыс білдіреміз!