16 Тамыз 2023
Жаңалықтар

"Желбағармен ойнаймыз"

2023 жылдың 15 тамызында №59 "Ақбөбек" бөбекжай-бақшасында "Желбағармен ойнаймыз" атты жазғы ойын-сауық ұйымдастырылды. Ойын-сауықтың мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру, ойын шарттарын бұзбай ойнай білуге және әр баланың қимыл белсенділігін арттыруға дағдыландыру. Шара барысында "Карлсон" келіп, "Желбағарды құрастыру", "Шардағы әдемі желбағар", "Түрлі-түсті желбағар" атты ойын-жаттығуларды балалармен бірге ойнап, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.