16 Нау 2023
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлардан қорғану және оның алдын-алу

Мектепалды «Қарлығаш» тобында «Төтенше жағдайлардан қорғану және оның алдын-алу» жоспарына сәйкес, «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында іс-шара болып өтті. Мақсаты:Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында тәрбиеші Оразаева Г балаларға өрт және оның салдарын түсіндіре отырып, сақтану жолдарын балалармен бірге талқылады. Сонымен қатар өртке байланысты суреттер салып, көрме ұйымдастырды.